2022 жылғы 24 ақпанда «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңесінің мүшесі О.К. Кушекбаев азаматтарды қабылдады.
Оларға өтінім беру тәртібі, қаржыландыру алу шарттары, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің 2022 жылғы егіннің ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бағдарламасына қатысуы мақсатында Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардан кепілдік алу үшін кепілдікті қамтамасыз ету бойынша талаптар түсіндірілді.