Сан жағынан шектеулерді (квоталарды) бөлу шеңберінде «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ сыртқы сауда қызметіне қатысушылардан (экспорттаушылардан) астық сатып алады

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2022 жылғы 16 сәуірдегі № 110 бұйрығына сәйкес «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-қа (бұдан әрі-Корпорация, Оператор) Қазақстан Республикасының аумағынан бидай әкетуге мәлімделген бидай мөлшерінің 10 (он) пайызын астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімінде (бұдан әрі – АҚҰМЭТ) астық қолхатын сатуға арналған бұйрыққа қол қою арқылы белгіленген бағамен сатқан өтініш берушілер Қазақстан Республикасының аумағынан бидай әкетуге арналған квотаны бөлуге жіберіледі.