Ақмола облысында құстың өлгені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

Қазір әлеуметтік желіде Ақмола облысындағы «Агро-Инвест-2015» ЖШС құс фабрикасының жабылуы туралы бейнеролик таратылып жатыр. Бұл бейнеролик алғаш рет 2021 жылдың 2 қыркүйегінде желіде жарияланғанын және бүгінгі күні елдегі азық-түлікке қатысты жағдайға еш қатысы жоғын хабарлаймыз.

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың астықты өткізу көлемі туралы хабарлайды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 16 сәуірдегі № 110 бұйрығымен бекітілген Сан тұрғысынан шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларының 5-тармағына сәйкес сыртқы сауда қызметіне қатысушылар 2022 жылғы 25 мамырдағы мәліметтер бойынша (таңғы уақыт) «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ атына 56 684, 899 тонна 3-сыныпты Triticum aestivum L. бидайын сатты.