Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың астықты өткізу көлемі туралы хабарлайды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 16 сәуірдегі № 110 бұйрығымен бекітілген Сан тұрғысынан шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларының 5-тармағына сәйкес сыртқы сауда қызметіне қатысушылар 2022 жылғы 1 маусымдағы мәліметтер бойынша (таңғы уақыт) «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ атына 60 110, 930 тонна 3-сыныпты Triticum aestivum L. бидайын сатты.