Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың астықты өткізу көлемі туралы хабарлайды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 16 сәуірдегі № 110 бұйрығымен бекітілген Сан тұрғысынан шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларының 5-тармағына сәйкес сыртқы сауда қызметіне қатысушылар 2022 жылғы 13 маусымдағы мәліметтер бойынша (таңғы уақыт) «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ атына 68 534,615 тонна 3-сыныпты Triticum aestivum L. бидайын сатты.

«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

2022 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Сартбаевтың төрағалығымен «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ (бұдан әрі – Корпорация) Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Корпорация басқармасының «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-тың 2021 жылғы қызметінің нәтижелері туралы» баяндамасы, сондай-ақ Корпорацияның Қоғамдық кеңесінің «Қоғамдық кеңестің 2021 жылғы қызметінің нәтижелері және 2022 жылға арналған жоспарлары туралы» баяндамасы тыңдалды.