Сан жағынан шектеулерді (квоталарды) бөлу шеңберінде «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ сыртқы сауда қызметіне қатысушылардан (экспорттаушылардан) астық сатып алады

«Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2022 жылғы 5 шілдедегі № 215 бұйрығына сәйкес «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-қа (бұдан әрі-Корпорация, Оператор) Қазақстан Республикасының аумағынан бидай әкетуге мәлімделген бидай мөлшерінің 10 (он) пайызын астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімінде (бұдан әрі – АҚҰМЭТ) астық қолхатын сатуға арналған бұйрыққа қол қою арқылы белгіленген бағамен сатқан өтініш берушілер Қазақстан Республикасының аумағынан бидай әкетуге арналған квотаны бөлуге жіберіледі.