«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ 2021 жылғы таза кірістен 2 418,67 млн.теңге көлемінде дивидендтер төлемін жүзеге асырды

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ (бұдан әрі – Корпорация) жалғыз акционері – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2022 жылғы 31 мамырда 2 418,67 млн.теңге көлемінде дивидендтер төлеу туралы шешімді бекітті, бұл Корпорацияның 2021 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша таза кірістің 70%-ын құрайды.