Тәжікстанға қазақстандық бидайды жеткізу туралы келісімге бизнес-форум аясында қол жеткізілді

Қазақстан Тәжікстанға қосымша 50 мың тонна бидай экспорттауды жоспарлап отыр. Ынтымақтастық туралы тиісті меморандумға Азық-түлік корпорациясының басшысы Асылхан Джувашев пен мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі Агенттіктің директоры Нұрмахмад Ахмадзода қол қойды. Келісімге Астанадағы Қазақстан-Тәжікстан бизнес-форумы аясында қол жеткізілді.