Шаруаларды қолдау: Азық-түлік корпорациясы форвардтық сатып алу және тауарлық несиелерге шамамен 70 млрд теңге бағыттайды

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ ҰК биылғы жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуға және тауарлық кредиттер беруге кемінде 70 млрд теңге бағыттайтын болады. Бұл бағыттар егіс науқаны кезеңінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдаудың ұтымды құралы болмақ. Бүгінгі таңда «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша 21,2 млрд теңге бөлді, оның жалпы сомасы 20,3 млрд теңгеге шауралардың өтінімдері қаржыландырылды.