Азық-түлік корпорациясы ұн тартушыларға 120 мың тонна астық сатады

Азық-түлік корпорациясының қоғамдық кеңесінің отырысында ұлттық компанияның әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыруға қатысуы, фермерлердің егіс жұмыстарын жүргізуге қаржылай қолдау көрсету, сондай-ақ форвардтық сатып алу бағдарламасын орындау мәселелері қаралды.