Азық-түлік корпорациясы биыл жасалған форвардтық сатып алудың қорытындысын шығарды

Азық-түлік корпорациясы биылғы жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды аяқтады. Бағдарламаны іске асыру қорытындысы бойынша 21,2 млрд теңге сомасына 216 шарт жасалды. Келісімшарт жасалған өнімнің жалпы көлемі 292,2 мың тоннаны құрады, оның ішінде бидай, арпа, қарақұмық, күріш, зығыр және күнбағыс тұқымдары, сондай-ақ рапс бар.