COFCO компаниясының басшылығы Азық түлік корпорациясының жұмысымен танысты

Азық-түлік корпорациясының төрағасы Асылхан Джувашев пен COFCO компаниясының вице-президенті Чжу Цзэ келіссөздер барысында ҚХР-ға зығыр, арпа, күнбағыс және рапс жеткізу мүмкіндігін талқылады. Еске сала кетейік, COFCO Қытайдағы қазақстандық бидайдың ірі импорттаушысы болып табылады.