Азық-түлік корпорациясының басшысы Иранның Қазақстандағы Елшісімен келіссөздер жүргізді

«Азық-түлік корпорациясы «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев пен Иранның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Акбар Джоукар Қазақстан мен Иранның отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Азық-түлік корпорациясының басшысы ағымдағы қызметі туралы айтып берді . Компанияның Каспий маңы аймағында екі еншілес ұйымы бар – Ақтаудағы «Ақ Бидай-Терминал» АҚ астық терминалдары, сондай-ақ Каспий теңізінің оңтүстік жағалауындағы «Амирабад грейн терминал КИШ» ЖШҚ.