Азық-түлік корпорациясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі құрылды

Азық-түлік корпорациясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі құрылды. Тәуелсіз бөлімше компания қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтауын қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтайды және жояды, сондай-ақ компания қызметкерлерінің нарықтағы жауапты мінез-құлқын қалыптастырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы Азық-түлік корпорациясының орталық аппараты бөлімшелерінің, оның өкілдіктері мен еншілес компанияларының басшыларының қатысуымен өткен кеңесте талқыланды.