Жыл басынан бері «Астық қоймалары» ЖШС-нен 161,4 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жөнелтілді

Биылғы жылды басынан бері «Астық қоймалары» ЖШС өкілдіктері 161,4 мың тонна дәнді және майлы дақылдарды жөнелтті. Атап айтқанда, экспортқа 151,3 мың тонна өнім жөнелтілді, қалғаны ішкі нарыққа жіберілді. Дәнді және майлы дақылдарды жөнелту авто және теміржол көлігімен жүзеге асырылады. Айта кетейік, Азық-түлік корпорациясының құрылымындағы «Астық қоймалары» ЖШС еншілес компаниясының құрамына Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жалпы сақтау сыйымдылығы 490 мың тоннадан асатын 4 астық базасы кіреді.