Азық-түлік корпорациясы Ауғанстан кәсіпкерлеріне өзінің экспорттық мүмкіндіктерін ұсынды

«Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ Ауғанстанның іскерлік қоғамдастығына өзінің экспорттық мүмкіндіктерін ұсынды. Таныстырылым 3 тамыз күні Астанада басталатын Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумының алаңында өтті. Ислам республикасының делегациясын Ауғанстанның Өнеркәсіп және сауда министрі Нeриддин Азизи басқарды. Қатысушыларды «Азық-түлік корпорациясы» басқарма төрағасының орынбасары Самат Тенбаев қарсы алды. Ол компанияның қызметі, астықтың ішкі бағасын және бірқатар әлеуметтік маңызы бар тауарларды тұрақтандыруға қатысу, сондай-ақ Қытай, Орталық Азия, Иран және Әзірбайжанға бағыттар бойынша экспорттық әлеуетке жәрдемдесу жөніндегі жұмыс туралы айтып берді.