Азық-түлік келісім шарт корпорациясының төрағасы Wanlin Group компаниясының басшысымен кездесті

“Азық-түлік келісім шарт корпорациясы “ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев Qingdao Wanlin Group компаниясының Басқарма Төрағасы және негізін қалаушы Ли Янтао мырзамен кездесті. Тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру және өнімді қайта өңдеу тұрғысында ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.