«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ және Jinmaisui Group Gangwei отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мақсатында өзара келісімге келді

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы облыс әкімдіктерімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында шамамен 100 миллион АҚШ доллары сомасына жыл сайынғы форвардтық қаржыландыруды жүзеге асырады.

Енді корпорация өнімнің кепілдендірілген көлемі мен сапасын, сондай-ақ уақтылы жеткізуді қамтамасыз ете отырып, шетелдік инвесторлардың қатысуымен форвардтық сатып алу тетігін енгізуге дайын.

Экспорттық нарықтардағы Қазақстанның позициясын нығайту жөніндегі стратегиялық мақсаттар шеңберінде Азық-түлік келісім шарт корпорациясы қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін халықаралық нарықтарда ілгерілету үшін шетелдік инвесторлармен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті.