Азық-түлік корпорациясының қызметкерлері мен басшылығы Астанада өткен экологиялық акцияға қатысты

Бүгін, Азық-түлік корпорациясының қызметкерлері мен басшылығы ауқымды экологиялық акцияны қолдап, сенбілікке шықты. Орталық кеңсеге іргелес аумақтан қыстан кейін жапырақ пен сынған бұтақтар жиналып, қоқысқа тасталды. Сонымен қатар, ағаш отырғызу және бұталар мен жолдың жиегіндегі тастарды ақтау жұмыстары жүргізілді. Бұл шара корпорация басшылығы ұсынған дәмді палаумен қорытындыланды. Естеріңізге сала кетейік, елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық…