Аграршылар астықты форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша 13,4 млрд теңгеге өтінім берді
Ауыл шаруашылығы өндірушілерін форвардтық қаржыландыруға өтінімдерді қабылдау басталғаннан бері Азық-түлік келісімшарт корпорациясына 13,4 млрд теңге сомасына өтініштер келіп түсті. Бағдарламаны іске асыруға биыл барлығы 30 млрд теңге жоспарланған, оның 21 млрд теңгесі көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бағытталады.