3-сыныпты стандартты бидайдың құны тоннасына 95 мың теңгеге жетті
2025 жылдың сәуір айының басынан бастап «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасында астық сатады. Нарық қатысушылары астық өнімдерін сатып алуға жоғары қызығушылық танытуда. Бидай мен арпаға ерекше сұраныс байқалады, бұл баға серпінімен расталады.