Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қарыздық жүктемені жоспарлы түрде азайтуды жалғастыра отырып, 43 млрд теңгеге облигацияларды сәтті өтеді

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы 2025 жылғы 21 сәуірде 43 млрд теңге көлеміндегі, үш жылдық облигацияларын толық өтеуді сәтті жүзеге асырды. Төлемге облигациялардың номиналды құны – 40 млрд теңге және соңғы купондық табыс – 3 млрд теңге кірді.