Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 2025-форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша фермерлерге 6,4 млрд теңге жіберді

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы дәнді және майлы дақылдарды форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыруды жалғастыруда. 19 мамырдағы жағдай бойынша ұлттық оператор 169 мың тонна астықты күзгі тапсыру үшін алдын ала төлем ретінде фермерлердің шотына 6,4 млрд теңге аударды.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Алматы қаласындағы қойма ғимаратын және макарон цехын сату бойынша онлайн-сауда өткізеді

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ мемлекеттік мүлік тізілімінің https://e-qazyna.kz веб-порталында Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Сүйінбай даңғылы, 263у үй мекенжайында орналасқан қойма үй-жайын, макарон цехын сату бойынша электрондық аукцион нысанында сауда-саттық өткізу туралы хабарлайды.