Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Вьетнамға астық жөнелтуді бастады
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы көлемі 15 мың тонна қазақстандық жоғары сапалы бидайдың бірінші партиясын Вьетнамға жөнелтуді бастады. Контейнерлік пойыз Ақмола облысының астық қабылдау кәсіпорындарынан жөнелтіледі. Жеткізу мультимодальды схема бойынша жүзеге асырылады: алдымен, астық теміржол бойынша Достық – Алашанькоу шекара өткелі арқылы Қытайдың Ляньюнган халықаралық теңіз портына жеткізіледі, содан кейін теңіз кемелеріне тиеліп, Вьетнамның Hai Pong портына жіберіледі.