Астықты тасымалдауға байланысты шығындарды азайтуға арналған субсидия төлемдерінің орындалу барысы туралы ақпарат

2025 жылғы 11 маусымдағы жағдай бойынша, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы экспорттаушылар мен астық өндірушілерге 182,9 мың тонна бидай жеткізгені үшін 4,1 млрд теңге төледі. Тасымалдау шығындарын өтеу үшін барлығы 349 өтінім келіп түсті. Экспорттық жеткізілімдердің жалпы көлемі 760 мың тоннаны құрап, 17,2 млрд теңгеге бағаланды.