Азық-түлік келісімшарт корпорациясы нарықтық құны бойынша ұн тартқыштардың астыққа деген қажеттілігін қамтамасыз етуге дайын
Қазақстанның ішкі нарығында астықпен тұрақты жағдай сақталуда. Оның көлемі ұн тарту, мал шаруашылығы және құс шаруашылығы кәсіпорындарын қоса алғанда, негізгі салалардың сұраныстарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы әр түрлі сыныптағы бидайды сатуды жалғастыруда және мүдделі сатып алушыларға нарықтық құны бойынша астық беруге дайын.