Азық-түлік келісімшарт корпорациясы алыс экспорттық нарықтарға 320 мың тонна бидай жеткізуді қаржыландырды

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ астық өндірушілер мен алыс басым нарықтарға бидай жеткізушілерін мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруды жалғастыруда. Астық экспорты кезінде көлік шығындарын өтеу бағдарламасы аясында оператор 320 мың тонна бидай тасымалдауды қаржыландырды.  Жеткізушілерге барлығы 7,2 млрд теңге төленді.