1 тамыздан бастап Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы басталады
2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Бұл кең ауқымды статистикалық бақылау елдің барлық өңірін қамтып, аграрлық сектордың жай-күйі туралы өзекті ақпараттың маңызды көзіне айналады.