Астықты тасымалдауға байланысты шығындарды азайтуға арналған субсидия төлемдерінің орындалу барысы туралы ақпарат

2025 жылғы 9 қыркүйектегі жағдай бойынша Азық-түлік келісімшарт корпорация экспорттаушылар мен астық өндірушілеріне 649,6 мың тонна бидай жеткізгені үшін 14,8 млрд теңге төледі. Оператордың атына көлік шығындарын өтеуге барлығы 553 өтінім түсті.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Пәкістанға астық пен күнбағыс майын экспорттауға дайын

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қазақстандық агроэкспорттың географиясын кеңейту үшін Пәкістанмен ынтымақтастықты арттыруға мүдделі. Бұл туралы компания Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ильдар Исмагулов Исламабадта өткен Қазақстан-Пәкістан ауыл шаруашылығы жөніндегі жұмыс тобының бірлескен отырысында мәлімдеді.