ЕАДБ Азық-түлік келісімшарт корпорациясы үшін 100 млн АҚШ долларына кредит желісін ашады

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ және Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ)100 млн АҚШ доллары сомасына кредит желісін ашу туралы келісімге қол қойды. Қаражат ұлттық астық операторының меншікті жобаларын іске асыруға бағытталады, сондай-ақ фермерлерді қаржыландыру, басым ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіруді ынталандыру, ішкі нарықта егін шаруашылығы өнімдерінің тұрақты ұсынысын қалыптастыру үшін пайдаланылуы мүмкін.