Қостанайлық аграршылар Азық-түлік келісімшарт корпорациясына форвард бойынша 162,7 мың тонна астық пен майлы дақылдарды өткізді
Қостанай облысының аграршылары 2026 жылға арналған форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ресурстарына 162,7 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін өткізді. Облыс өңірлер арасында шарттарды орындау қарқыны бойынша көш бастап тұр. 73 шаруашылық егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға қол жеткізді.


