Азық-түлік келісімшарт корпорациясы СҚО аграршыларын форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша қаржыландыруға дайын
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың қатысуымен өткен семинар-кеңесте өңірлік әкімдіктің, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ, АӨК саласындағы қаржы-кредит ұйымдарының және фермерлік қоғамдастықтың өкілдері Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі дала жұмыстарын жүргізу барысын талқылады. Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі – ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз ету.