Астықты сыртқы нарықтарға шығаруды одан әрі ынталандыру үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясы бидайды шетелге тасымалдау шығындарын шеккен экспорттаушылардан өтінімдер жинау бойынша жұмысқа кіріседі.
Субсидияларға кім үміткер бола алады: Қазақстан Республикасының аумағынан астық өткізуді жүзеге асыратын өнім берушілер астық тасымалдау шығындарын өтеуге өтінім бере алады.
Тасымалдау бағыттары: субсидиялар астықты әртүрлі бағыттар бойынша тасымалдағаны үшін беріледі:
— бір тонна үшін 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде транзитпен Ресей Федерациясының аумағы арқылы Азов, Қара және Балтық теңіздері порттарының бағытында;
— бір тонна үшін 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде транзитпен Ресей Федерациясының, Латвия Республикасының, Литва Республикасының және Эстония Республикасының аумағы арқылы Балтық теңізі порттары бағытында;
— бір тонна үшін 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде транзитпен Ресей Федерациясының аумағы арқылы Латвия Республикасына, Литва Республикасына және Эстония Республикасына;
— бір тонна үшін 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде транзитпен Әзірбайжан Республикасының және Грузияның аумағы арқылы Қара теңіз порттары бағытында;
— бір тонна үшін 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде транзитпен Түркіменстан аумағы арқылы Ауғанстан Ислам Әмірлігіне;
— бір тонна үшін 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде транзитпен Түрікменстан арқылы Иран Ислам Республикасына;
— бір тонна үшін 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде транзитпен Қытай Халық Республикасының аумағы арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері бағытында;
— бір тонна үшін 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде Әзірбайжан Республикасына, Грузияға және Армения Республикасына.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен астық тасымалдауға байланысты шығындардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидаларына сәйкес өтінімге растайтын құжаттардың толық жиынтығын қоса беру қажет. Астық жеткізушілерден өтінімдер мен құжаттар электрондық пошта арқылы қабылданады: mail@fcc.kz PDF және Excel форматында.
Субсидиялар төлеу қағидаларының күші 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған тасымалдарға қолданылады.
Құжаттар тізімі:
1)Өтінім
3) Астық тасымалдауға байланысты шығындардың құнын өтеу актісі