«Астық қоймалары» ЖШС 2022 жылдың қорытындысын шығарды

Астық базалары келесі қызмет түрлерін көрсетеді: астық пен майлы дақылдарды қабылдау, жөнелту, сақтау, кептіру және өңдеу. 2023 жылы дәнді және майлы дақылдарды қабылдау, тиеп-жөнелту және сақтау қызметтерін көрсету жөніндегі жұмыстар штаттық режимде жүргізілуде, өнімді қабылдау және тиеп-жөнелту тәуліктің кез келген уақытында жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда АҚК-да 322 591 тонна дәнді және майлы дақылдар сақталады. Сақталған астықты қысқы сақтау (салқындату) жағдайларына ауыстыру бойынша технологиялық жұмыстар жүргізілуде.