Экспорт бағыты: Азық-түлік корпорациясының басшылығы ҚХР-дың жетекші агрокомпанияларымен кездесулер өткізді

ҚХР-ға ресми сапары аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Азық-түлік корпорациясының басшылығымен бірлесіп Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының және оның округтерінің басшыларымен, ШҰАА және Бейжің бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен, сондай-ақ Қытайдың жетекші компанияларымен жоғары деңгейде кездесулер өткізді. Қазақстандық тарап астық экспорты бойынша мүмкіндіктерді ұсынды, оның көрсеткіштерін жылына 1 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.