“Азық-түлік келісім шарт корпорациясы “ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Джувашев Асылхан азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы тәжірибесімен бөлісті

Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) 6-пленарлық сессиясы өтті, онда АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастығының перспективалары талқыланды. Сессияға қатысушылар, оның ішінде азық-түлік корпорациясының Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.