Азық-түлік келісімшарт корпорациясының төрағасы мәжілістің аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің отырысына қатысты

Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінде «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ қызметі» мәселесіне қатысты тақырыптық отырысы өтті. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Асылхан Джувашев бүгінде қорда 1 млн тоннаға жуық астық бар деді. Оның 500 мың тоннасы резервтік қор, 200 мың тоннасы мал жемі.