Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мен Shandong Hi-Speed компаниясы Қытайға агроөнеркәсіптік экспортты кеңейту туралы талқылады
Астанада «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ өкілдерінің қытайлық Shandong Hi-Speed компаниясының делегациясымен кездесуі өтті. Тараптар агроөнімдерді жеткізу саласындағы әріптестікті нығайту және логистикалық бағыттарды дамыту мәселелерін талқылады.

