Екі өңірдің фермерлері жасымықты Азық-түлік келісімшарт корпорациясына жеткізуге келісімшарт жасады
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы БҰҰДБ тұрақты егіншілік жобасы аясында фермерлермен жасымық өсіру және сатып алу бойынша ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасты. Жұмыстың алғашқы нәтижелері туралы Астанадағы RES-2026 Өңірлік экологиялық саммиті аясында белгілі болды.

