Азық-түлік келісімшарт корпорациясы майлы дақылдарды қаржыландыру көлемін 2,6 есеге арттырды

Фермерлер егіс алқаптарының құрылымын белсенді түрде әртараптандырып, қосылған құны жоғары дақылдарға басымдық беруде. Бұл үрдіс Азық-түлік келісімшарт корпорациясының форвардтық сатып алу бағдарламасының нәтижелерімен расталып отыр. Өткен ауыл шаруашылығы маусымымен салыстырғанда майлы дақылдарды қаржыландыру көлемі 2,6 есеге – 36 мың тоннадан 95 мың тоннаға дейін ұлғайтылды.