Қазақстан мен Қытай агроөнім саудасы үшін жаңа ынталандыруларды талқылауда

Қазақстан мен Қытай ауыл шаруашылығы өнімдерінің, оның ішінде цифрлық алаңдар арқылы сауданы ұлғайтуға, сондай-ақ өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін өзара нығайтуға ниетті. Бұл туралы Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі делегациясының ҚХР Азық-түлік және стратегиялық резервтер жөніндегі мемлекеттік басқармасының (NAFRA) басшысы Лю Хуаньсиньмен кездесуінде белгілі болды.

35 қазақстандық агрокомпания Қытай астық платформасында сауда жасауға мүмкіндік алды

Қазақстандық агроөнімдерді экспорттаушылар Қытайдың астық саудасы жөніндегі цифрлық платформасына тікелей қол жеткізді. Бірлескен электрондық алаңның ресми іске қосылуы 2026 жылғы 5 қыркүйекте Чанша қаласында VIII Халықаралық астық көрмесі және астық кәсіпорындарының ынтымақтастығы жөніндегі алғашқы Қытай-Қазақстан конференциясы шеңберінде өтті. Экспозиция жұмысының бірінші күнінде астық өндірушілер цифрлық платформа арқылы 24 мың тонна зығырды жеткізуге мәмілелер жасасты.