Екі облыстың аграршылары Азық-түлік келісімшарт корпорациясына 2,4 мың тоннадан астам жасымық тапсырды
Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының шаруашылықтары Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қорына жаңа өнімнен 2,4 мың тоннадан астам жасымық жеткізді. Жөнелтілімдер ұлттық астық операторы БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп жүзеге асыратын ұзақ мерзімді форвардтық сатып алудың пилоттық жобасы аясында жүзеге асырылды.

