«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ еншілес ұйымы, «Агрофирма «NurAgro» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) Алматы облысы, Қонаев қаласы, Шеңгелді ауылы жерінде 2025 жылы сәуір-қараша айларына бірлескен қызметті (консорциум) келісім-шарт жүзеге асыруға мақсатында әлеуетті серіктестерден (бұдан әрі – Серіктестік) өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды.
Өтініштер 2025 жылғы11 сәуірден 15 сәуірге дейін (қоса алғанда) сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін қабылданады.
Өтінім беру орны: Астана қ., Мәскеу көшесі 29/1 үй немесе Қонаев қаласы, 2 шағын ауданы, 14 үй, 27 пәтер., сондай-ақ электрондық пошта бойынша: D.Mamutov@fcc.kz, n.zhanadil@fcc.kz.
Әлеуетті серіктес келесі талаптарға сай болуы керек:
1) Қазақстанның оңтүстік облыстарында (Алматы, Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстары) ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру бойынша суды үнемдейтін технологияларды (тамшылатып немесе жаңбырлатып суару) пайдалана отырып, тиісті жергілікті атқарушы органның (АШБ) куәлігімен расталған тәжірибесінің болуы;2) меншікті және/немесе жалға алынған жабдықты пайдалануға (техникалық құжаттама қоса беріліп);3) кемiнде 150 гектар аумақта ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң толық циклын жүргiзуі;4) өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыру және ауыл шаруашылығы техникасы бойынша қызметтердi тарту үшiн қажеттi қаражаттың болуы. Оның iшiнде баланста жоқ ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге, күтіп-баптауға және жинауға, сондай-ақ қажетті шығын материалдарын және басқа да материалдарды (тұқымдар, жанар-жағармай материалдары, тыңайтқыштар мен химиялық заттар және т.б.) сатып алуға мүмкіндігі болуы;
5) тарату немесе бөліну түріндегі қайта құру процесінде болмауы керек немесе оған қатысты банкроттық туралы іс немесе оңалту рәсімі қозғалмаған;
6) әлеуетті қатысушының егіс жұмыстарына, маусымдық күтім немесе егін жинау үшін пайдаланылуы мүмкін мүлкіне тыйым салынбаған және/немесе оның қызметі тоқтатылмаған болуы керек;
7) соңғы 2 (екі) жылдағы оң қаржылық нәтиже;
8) салық, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша өтелмеген берешегінің болмауы;9) әлеуетті серіктес және оның аффилиирленген тұлғалары тарапынан Серіктестік алдында мерзімі өткен ағымдағы берешектің немесе Серіктестікпен даулы құқықтық қатынастардың болмауы (егер аффилиирленуді белгілеу мүмкін болса);10) бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін әлеуетті серіктестің оның ақшалай салымы туралы ұсынысы.