2025 жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша Азық-түлік келісімшарт корпорация экспорттаушылар мен астық өндірушілеріне 828,4 мың тонна бидай жеткізгені үшін 19,1 млрд теңге төледі. Оператордың атына көлік шығындарын өтеуге барлығы 553 өтінім түсті. Экспорттық жеткізілімдердің жалпы көлемі 1,2 млн тонна бидайды құрап, жалпы сомасы 28,2 млрд теңгені құрады.
Қаржыландыру бюджет қаражаттарының түсуіне қарай жүзеге асырылуда.
Шығындардың бір бөлігін өтеу Азов, Қара және Балтық теңіздері порттарына, сондай-ақ Латвия, Литва, Эстония бағыттарына бидайды транзиттік маршруттар арқылы тасымалдау үшін ұсынылады. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан қолдау Қытай арқылы транзитпен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне астық жөнелтетін жеткізушілерге де қарастырылған.
Компенсация мөлшері экспорт бағытына байланысты бір тонна астық үшін 20 мыңнан 30 мың теңгеге дейін құрайды.
Еске сала кетейік, астық тасымалдауға байланысты шығындарды арзандатуға бағытталған субсидия төлеу қағидаларының қолданылу мерзімі 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзартылды.

