«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Корпорация/Жалға беруші) Корпорация Мүлкін мүліктік жалға (арендаға) беру бойынша тендердің өткізілетінін хабарлайды. Тендер өткізу шарттары 1-қосымшада көрсетілген.
Мүлік (Сауда үй-жайы) – Астана қаласы, Генерал Сабыр Рақымов көшесі, 22-үй, ВП-16 мекенжайында орналасқан сауда үй-жайы.
Тендерді өткізу шарттары:
Тендердің өткізілу күні – 2025 жылғы 30 қыркүйек (тендер өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін кемінде 15 (он бес) күнтізбелік күннен соң);
Тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылғы 29 қыркүйек;
Тендердің өткізілу орны – Астана қаласы, Мәскеу көшесі, 29/3;
Жалдау мерзімінің ең аз ұзақтығы – он екі айдан кем емес*;
Кепілдік жарна – бір айлық жалдау ақысынан кем емес сома;
Мүлікке ай сайынғы ең төменгі жалдау ақысы 1 (бір) шаршы метр үшін 4 055 (төрт мың елу бес) теңгеден кем емес мөлшерде, ҚҚС-ты қоса алғанда, айқындалады. Жалдау ақысына коммуналдық қызметтерге төлемдер, ағымдағы және күрделі жөндеуге аударымдар, Мүлікті күтіп-ұстауға арналған төлемдер кірмейді. Сауда үй-жайын күтіп-ұстауға байланысты коммуналдық төлемдер, пайдалану шығыстары және өзге де шығыстар жалға алушы тарапынан Корпорация ұсынған есеп айырысу құжаттарының негізінде өтеледі. Қалалық телефон байланысы, қалааралық, халықаралық байланыс және интернет желісіне қол жеткізу қызметтері жалға алушының өз есебінен төленеді.
Міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету – бір айлық жалдау ақысының мөлшерінде.
Тендердің жеңімпазы – сауда үй-жайына ең жоғары жалдау ақысын ұсынған тендер қатысушысы болып танылады. Қатысушылар ұсынған жалдау ақысы сомаларының тең болған жағдайында, тендер комиссиясының шешімі бойынша, тендерге қатысуға өтінімді бұрын тіркеген қатысушы тендердің жеңімпазы болып танылады.
Тендер қорытындысы бойынша Жеңімпазбен 2-қосымшаға сәйкес Шарт жасалады.
Тендерді өткізуге қатысты сұрақтар бойынша 8 7172 59 12 32 телефонына (ішкі 2044, 2385, 2284) хабарласу қажет.
* Жалға берілген мүлік жалдау мерзімі ішінде өткізілген жағдайда, Жалға алушы сатып алушы мен сатушы (Корпорация) арасында қабылдау-тапсыру актісі ресімделгенге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын хабардар етіледі.

