2022 жылғы 10 қарашада «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Б. Сартбаевтың төрағалығымен «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда мынадай мәселелер қаралды:
- «Корпорацияның 2022 жылғы 9 айдағы ағымдағы жағдайы және қызметінің нәтижелері туралы» есеп;
- Корпорацияның 2021-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын түзету жобасы.
Жоғарыда аталған мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ ұсынған құжаттары назарға алынды.
Сонымен қатар, отырыс барысында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ қызметінің проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары қаралды.