2021 жылғы 8 желтоқсанда «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы Егор Каппель азаматтардың қабылдауын өткізді.
Кездесу барысында Корпорация мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің көктемгі егіс жұмыстары кезінде өзара іс-қимыл, субсидиялар беру және тұқым шаруашылығын қаржыландыру мәселелері талқыланды.
Қабылдауға «Комсомол» ЖШС, «Құмқұдық» ЖШС, «Степное» ЖШС, «Агро-Бам» ЖШС басшылары, сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері қатысты.
Кездесудің қорытындылары бойынша қатысушылар алған жауаптарына қанағаттанды және Корпорацияның Қоғамдық кеңесінің жұмысына табыс тіледі.