«Қазақстандық дала күні «Jańa Dala/Green Day 2024» көрмесі ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа жетістіктерді паш етіп, тәжірибе алмасу үшін фермерлер, аграршылар мен бизнес өкілдерінің басын қосты.
Азық-түлік корпорациясының төрағасы Асылхан Джувашев көрмеге қатысып, фермерлермен кездесті. Кездесу кезінде агроөндірістік кешенге жаңа технологияларды енгізу, өнімділік пен экспортты арттыру мәселелері талқыланды.
Көрмеге 500-ден астам Ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтары қойылды. Әсіресе әртүрлі дақылдардан құралған тәжірибелік егістік алаңдары көрмеге қатысушылардың назарын аудартты.
Көрме жыл сайын Ақмола облысының Ақкөл ауданындағы «Еңбек» ЖШС алаңдарында өткізіледі және дәстүрлі түрде әлемнің түкпір-түкпірінен 5000-нан астам фермерді тартады.
«Jańa Dala/Green Day 2024» қазақстандық дала күні – бұл ауыл шаруашылығы техникасы, жабдықтары, құралдары мен технологиялары саласындағы соңғы үрдістер туралы ақпарат беретін бірегей іс-шара. Көрмеге қатысушылар жаңалықтармен танысып қана қоймай, іскерлік байланыстар орнатуға, тәжірибе және білім алмасуға мүмкіндік алады, бұл Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға және оның әлемдік қоғамдастыққа интеграциялануына ықпал етеді.