Қазақстанның ұлттық астық операторы Армения Республикасына азық-түлік бидайының бірінші партиясын жіберді. Жеткізу 30 жылда алғаш рет, Қазақстан мен Әзірбайжан мемлекеттерінің басшылары арасындағы уағдаластықтардың арқасында мүмкін болды.
2025 жылғы 21 қазанда Астанада өткен екі ел президенттерінің кездесуінде Ереван бағытындағы жүктердің транзитіне барлық шектеулерді алып тастау туралы жарияланды. Әзірбайжан мен Армения арасындағы бейбіт келісімдерді бекіту үшін Қазақстан жаңа теміржол бағыты бойынша азық-түлік астығының пилоттық партиясын жіберді.
Бүгін пойыз Әзірбайжан шекарасын кесіп өтті, бірнеше күннен кейін қазақстандық бидай Армения Республикасындағы Даларик станциясына келеді.
Бакуге жұмыс сапары аясында Азық-түлік келісімшарт корпорациясының басшылығы Қазақстанның Әзірбайжандағы Елшілігінің өкілдерімен кездесу өткізді. Тараптар транзиттік жүктің өтуін және оның армян серіктестеріне жеткізілуін бірлесіп бақылайды.

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашевтің айтуынша, жаңа транзиттік маршруттың ашылуы қазақстандық астықтың экспорттық географиясын кеңейту үшін ғана емес, сонымен қатар Закавказье елдері арасындағы логистикалық байланыстарды дамыту және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту үшін де маңызды.
Анықтама үшін:
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның астық нарығындағы ұлттық оператор. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін және астықтың ішкі нарығын тұрақтандыруды қамтамасыз етеді, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қаржылай қолдау көрсетеді, агроөнімді экспортқа жеткізумен айналысады. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мемлекеттік аграрлық саясатты жүзеге асырады. Жалғыз акционер – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

