2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «Ақ Бидай – Терминал» АҚ астық терминалы арқылы Иран Ислам Республикасы бағытында жалпы көлемі 121 444 тонна (бидай – 15 779 тонна, арпа – 105 665 тонна) астық жөнелтілді.
Қазіргі уақытта жүк жөнелтушілер тарапынан астық қабылдау жүргізілуде. Ағымдағы жылдың қазан айына экспорттаушылардан астық жөнелтуге 2 000 тонна көлемінде өтінімдер келіп түсті. Астық терминалы арқылы астық тиеудің 2023 жылға арналған жылдық Жоспары 400 000 тоннаға тең.
Астық терминалының астық және майлы дақылдарды, сондай-ақ басқа да сусымалы жүктерді қабылдау, тиеу және жөнелту мүмкіндігі бар екендігіне астық экспорттаушыларының назарын аударамыз.